Қазақстанның аймақтарында қар жауып, бұрқасын жүруі жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды (көбіне қар) болып, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады. Кей жерлерде бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.