***
Құрметті әріптестер мен пікірлестер!
Біз, Қазақстанның Азаматтық альянсі, республиканың ҮЕҰ-да жұмыс істейтін барлық бағыттары бойынша аумақты әлеуметтік науқанды бастап отырмыз. Науқанның негізгі мақсаттары - елдегі ҮЕҰ қызметінің маңыздылығын көрсету, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік ұстанымдарын ілгері жылжыту. Сіз де қосылыңыз!
Азаматтық альянстың әлеуметтік науқаны - бұл Ақтау мен Шымкенттен бастап, Қазақстанның кішкентай қалаларын қоса алғанда бүкіл елдегі әртүрлі ҮЕҰ-ны біріктіретін іс-шара. Теміртау қаласында «Біз бір командамыз» және де Павлодар қаласында «Ізгілік сабақтары» атты акциялар өтті. Біз осындай кең көлемдегі жобалар елдегі үкіметтік емес сектордың жағымды бейнесін қалыптастыруға, ҮЕҰ байланысын нығайтуға, сондай-ақ елдегі халықты біріктіріп, мемлекеттің алдағы әл-ауқатының өсуі үшін азаматтық қоғамды жасақтауға мүмкіндік туғызады деп ойлаймыз.
ҮЕҰ-ның көп нәрсе жасауға мүмкіндігі бар. Егер де біз бірлесе жұмыс істеп, ортақ жобаларды ынтымақтасып, дамытып және оларды бірге жүзеге асыратын болсақ, біздің күш-жігеріміз бен мүмкіндіктеріміз, қоғамда өз мақсатымызға жетуіміз, оның жақсаруына көмегіміз, қоғамда маңызымыз артып, елеулі салмаққа ие болуымыз айтарлықтай өседі.
Мемлекет үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдарға баса назар бөледі: бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлденеше рет айтқан болатын. Біздің міндетіміз, Қазақстандағы 30 мыңға жуық ҮЕҰ міндеті, жұмыстың сапасы мен біздің тиімділігімізді көрсету!
Біздің науқанды Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі қолдап та үлгерді. «Хабар» және «Қазақстан» ұлттық телеарналары акцияны жарыққа шығаруда көмек көрсетті. Қазіргі таңда қоғамды «ҚАА» әріптестік жобаларымен хабардар қылу үшін басқа да республикалық БАҚ-мен келіссөздер жүргізілуде.
Науқан Теміртау қаласының жастары «Қазақстанның Азаматтық альянсінен» спорттық алаңды қалпына келтіру үшін өткізілген іс-шараларға қолдау мен көмек сұрап келген кезде, 2010 жылдың сәуір айының ортасында басталған болатын, «Біз бір командамыз» акциясына мектеп оқушылары мен студенттер, әкімдіктердің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер қатысқан. Жас теміртаулықтардың жақсы істерінің эстафетасын Павлодарлықтар қолдады. Ол жерде Павлодар қаласының әлеуметтік-еріктілер орталығының еріктілері бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ізгілік сабақтарын» өткізді. Елдің барлық аймақтарында маусым айына дейін біздің серіктестер мен пікірлестеріміздің өткізгелі отырған 25 акциясы дайын және белгіленіп қойылған.
Сіз де қосылыңыз! Егер де сізде осы жылдың мамыр-маусым айларына арналған қызықты жобалар мен жоспарланған мерекелік шараларыңыз бар болса, Сізден шетте қалмай, БІР КОМАНДА ішінде болуыңызды сұраймыз! Біздің есігіміз барлық идеялар мен ұсыныстарға ашық, елдегі ҮЕҰ-ға көмек көрсету мен ынтымақтастықта болуға қуаныштымыз! Хабарласыңыз, біз қолдаймыз!