Қазақстанның Азаматтық альянсы үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiн өзгертудi жоспарлауда

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның Азаматтық альянсы үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiн өзгертудi жоспарлауда.

Бұл туралы бүгiн Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымының басшысы Нұрлан Ерiмбетов ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында мәлiм еттi.

"Бiз үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiн өзгертпекпiз. Онда мiндеттi түрде алдын ала төлеу және әрбiр жобаны қадам-қадам бойынша қаржыландыру болуы шарт деп есептеймiз. Жалпы менде қоғамдық қор құру туралы ой бар. Оған мемлекеттiк ұйымдар парламенттiң мақұлдауымен белгiлi бiр қаражат салса, ұжымдық және ашықтық негiзде елдiң түйткiлдi iстерiне жұмсалса деп ойлаймын. Бiрақ ол, әрине, арман", - дейдi Н.Ерiмбетов.

Оның айтуынша, лоттарды орналастырудың өзi қоғамдық сипатқа ие болады.

"Жобалардың аттары шенеунiктермен емес, қоғаммен талқыланса игi болар едi. Себебi жоба сол облыстарға, аудандарға, ауылдарға керек те емес болуы мүмкiн. Лоттардың қысқа мерзiмдiлiгi де таңғалдырады. Мәселен, балалар арасындағы алкогольдiк iшiмдiк тәуелдiлiкпен күрес деген лот шықса, бiр жылдан соң оның орнында басқа жоба тұрады. Сонда бір жылда сол мәселе шешiмiн тауып қойғаны ма? Сондықтан жобалар ұзақ мерзiмдi болуы керек", - дейдi Н.Ерiмбетов.