Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі А. Жұмабаев ӘР Президентіне сенім грамотасын табыс етті
Қазақстандық дипломат И.Әлиевке Елбасы Н. Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, Президенттің Әзербайжанмен екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай кеңейтуге ерекше көңіл бөлетіндігін атап өтті.
А. Жұмабаев байланыстардың алдағы уақытта да нығая түсуіне барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.
Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастарының үнемі дамуда екендігін, біздің елдер жақын көршілер, достар және әріптестер екендігін атап өтті.
Президент И. Әлиев екі елдің арасында ынтымақтастықтың түрлі бағытта қарқынды дамып келе жатқанын, Әзербайжан Қазақстанмен әріптестікті әрі қарай кеңейтуге ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Сондай-ақ Әзірбайжан басшысы Қазақстан Президентіне ыстық ықыласты сәлемін жолдады.
Сол күні қазақстандық елші Әзербайжанның ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің ескерткішіне гүл қойды.