Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінде Шымкент түбінде болған әуе апатында қаза тапқандарды еске алды

БАКУ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Баку қаласындағы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінде, ҚР-ның Әзірбайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Серік Пірімбетовтің басшылығындағы қазақстандық дипломатиялық серіктестіктің қызметкерлері Шымкент түбіндегі әуе апатында қаза тапқан шекарашыларды үнсіздік минутымен еске алды.

ҚР Елшісі сондай-ақ Қазақстанның Әзірбайжандағы әскери атташе, полковник А.Базарбаевқа бұл апатта бауыры, «Оңтүстік» АБ басқарушысының орынбасары болған полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлының қаза табуына байланысты көңіл айтты.

 Қазақстандық дипломатиялық серіктестігінде ӘР-да аккредиттелген елшіліктердің өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжанның мәдениет және қоғам қайраткерлері жазбаларын қалдырып отырған Көңіл айту кітабы ашылды.