Қазақстанның банк жүйесі экономиканы әртараптандыруға жұмыс істегені маңызды - Елбасы
Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің тапсырмам бойынша, қазір ұлттық қаржылық құрылыстың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Онда банк қызметін, валюталық реттеу және бақылау салаларын кешенді жетілдіру мәселелері көрініс табатын болады. Бізді қаржылық бақылау рөлін салмақты күшейту, сақтандыру мәселелері бойынша заңнаманы өзгерту, бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру күтіп тұр. Бюджеттің экономикалық дамудың маңызды көзі болғандығы маңызды. Тұтастай алғанда еліміздің қаржы жүйесі экономиканы әртараптандыруға, инновациялық өнеркәсіптік өсімге жұмыс істегені маңызды», деді өз сөзінде Елбасы.
Мемлекет басшысы бұл оны бағалаудың негізгі критерийі болатынын атап көрсетті. Елбасының айтуынша, қазақстандық банк жүйесі бүкіл коммерциялық және қаржылық және валюталық тәуекелдерді рұқсат етілген шекте бекітуі тиіс.