Қазақстанның банктік секторын нығайту үшін кешенді стратегия қажет - Халықаралық валюта қоры

None
АСТАНА. Мамырдың 20-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның банктік секторын нығайту үшін кешенді стратегия қажет. Мамыр айының 5-і мен 15-і аралығында Қазақстанда болған Халықаралық валюта қоры алдын ала осындай қорытынды жасап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы уақыттары жүргізілген ірі банктер арқылы қаржыны сақтап қалу (қорларды қалыптастыру) деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды қолдауға болады. Өйткені, осының өзі банктік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы нақты түсініктерді қамтамасыз етеді. Дегенмен де, экономика өсімінің төмендеуі жағдайында активтер сапасының да одан сайын нашарлай түсуінен қашып құтыла алмауды естен шығармау керек. Сондықтан да, біз ірі банктерге қатысты толық диагностикалық бағалау жүргізу қажет деп есептейміз. Бұнда баланстан тыс операциялар мен шетелдік активтерге, міндеттемелерге қатысты ұстанымдар да көрініс табуы тиіс», делінген Халықаралық валюта қорының ұсынымында. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш Қор миссиясы Қазақстандағы қаржылық, экономикалық жағдай бойынша сараптамалар жүргізіп, ел Үкіметімен дағдарыс жағдайындағы экономикалық саясат мәселесін талқылаған болатын.