Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұманды, көктайғақ болады, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұманды, көктайғақ болады, желдің күші 15-23 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынды, көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30, күндіз кей жерлерінде 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.