Қазақстанның барлық аймақтарының спортшылары ерлер арасындағы кикбоксинг бойынша чемпионатта Астанада бас қосады

None
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарының спортшылары ерлер арасындағы кикбоксинг бойынша чемпионатта Астанада бас қосады.

Жарыс қаңтардың 15-і мен 20-сы аралығында өтеді. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада қазақстандық бокстың айқын жеңімпаздары анықталатын болады. Осы спортшылардың ішінен 2012 жылға дейінгі халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысатын команда жасақталады.