Өңірлік интеграция мәселесіне тоқталған мемлекет басшысы, барлық аймақ өзара сауда жасауы тиіс екенін, яғни, өңірлер өздерінің көршілерімен сауда айналымын ұлғайту қажеттігін атап өтті.
Бұл тұрғыда Елбасы топтасудың реті жоқ екендігін ескертті. «Барлық облыстар бұл іспен өздері айналысып, әрқайсысы нарықты өздері іздестірулері керек. Біздегі халық көп емес, нарық жеткілікті», - деді Президент.
Осы орайда Н. Назарбаев Қазақстан интеграцияға, кедендік одақ аясында тиісті жұмыстарды атқарып жатқандығын сөз етті.