Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдары құрылады

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасын ілеспе түзетулермен бірге жұмысқа қабылдады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кәсіпкерлік субьектілерінің заңды мүдделерін және құқығын қорғау Ұлттық палатаның негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Палатаға мемлекеттік және басқа да маңызды бағдарламалар бойынша экспортты қолдау операторы қызметін заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылып отыр. Ұлттық палата кәсіпкерлерді оқыту және оларға жеке бизнесін ашып, жүргізуге консалтингтік қызмет көрсететін болады.

Палата филиалдары еліміздің барлық қалалары мен аудандарында құрылады.