Қазақстанның бас экологы #TazaQazaqstan акциясын жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас эколог өзініңTwitter парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы су қоймаларының жағдайы мәземес екенін жазды.

«Қаламыздың жақынмаңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым. Аумақтардың жағдайы мәземес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы. Аяқ алып жүргісізқоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған. Проблеманы тек әкімшілікәдіспен шешу мүмкін емес, қоғамның бірлігі қажет», - дейді ол.

Министр бұл проблемаға қоғам назарын аудару үшін #Birge #TazaQazaqstan акциясын бастайтынын хабарлады.

«Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясыжөнінде хабарлағым келедi. 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз.Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды, қоғам қайраткерлерін, Үкімет мүшелері мен экология белсенділерінбірге қатысуға шақырамын», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Кейін министр акцияға атсалысу үшін қай жерден жиналуқажеттігін де көрсетті.

«Жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30да Триатлон паркі тұрағыныныңжанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады. Сол жерден барлығымызавтобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдарұйымдастырылады. Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар», - деп үндеутастады.


Соңғы жаңалықтар