Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Консультациялық кеңестің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында аталмыш комитет басшысы Мәжит Есенбаев осылай айтты.
«Кедендік бақылау органдарында аттестацияның өтпегеніне жеті жыл болды. Меніңше, ол уақыттың ішінде бәрі әбден босаңсып кетті. Олар аттестацияның не екенін және өздерінің қызметтік міндеттерін ұмытып қалған сияқты. Сондықтан осы аттестациядан көбісі өте алмайды деп ойлаймын», - деп атап көрсетті М.Есенбаев.
Сол себепті бүгінде комитет басшылығы жас мамандарды жұмысқа көптеп тартып жатыр. «Олар аттестациядан өте алмаған қызметкерлердің орнына келіп, жұмыс істейтін болады», - дейді М.Есенбаев.