Қазақстанның Бас мүфтиі елдің православ христиандарын Пасха мейрамымен құттықтады

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Пасха мейрамы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың атына құттықтау жолдады.

«Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының атынан және жеке өз атымнан Сізді, сондай-ақ барлық қазақстандық православтарды христиандардың үлкен мерекесі - Пасқа мейрамымен құтықтаймын», делінген Мұсылмандар Діни Басқармасы төрағасының құтықтауында.  

Бас мүфти сондай-ақ «Қазақстан жерінде конфессияаралық және мәдениетаралық қатынастар, елімізде бейбіт қатар өмір сүріп отырған барлық дәстүрлі діндер өкілдерінің арасында жылы шырайлы және шын жүректен шыққан байаныстар орнаған», деп атап өтті.  Сондай-ақ Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы православ жұртшылығы, еліміздегі мұсылмандар сияқты қоғамдағы өзара құрметті одан әрі дамытуға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенімін білдірді. "Біз бірлескен еңбекпен ғана Отанымыздың игілігі жолындағы  ортақ мақсатқа қарай жылжи отырып, рухани және экономикалық гүлденуге қол жеткізе аламыз», - делінген құттықтау мәтінінде.

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің құттықтауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделін атап өтті, соның арқасында «бүгінде бейбітшілік саясаты және ядросыз әлемге ұмтылысы үшін Қазақстанды бүкіл әлем құрметтейді».

Қазақстанның Православ шіркеуінің патриотизмді және Отанға сүйіспеншілікті нығайтудағы жасампаз еңбегі туралы айта келіп, Бас мүфти қазақстандық барлық православтарға игілік пен гүлдену тілегін жеткізді.