«28 желтоқсан күні ҚР Бас прокурорының бұйрығымен бас транспорттық прокурор қызметіне Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды», - деп айтылады еліміздің жоғары қадағалау органы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұрын ол ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.