АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстанның баскетбол құрамасы Астанада 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойында Катар командасын айқын басымдықпен жеңді, деп жазады «SPORTINFORM» САА.
Елордалықтар ойынның бірінші ширегінде қарсыластарынын 1 ұпай айырмашылығымен жеңілсе (18:19), екінші кезеңде 1 ұпай басымдықпен жеңді (15:14). Ойынның 3-ші және 4-ші бөліктері жерлестердің айқын басымдығымен өтті (32:19, 31:11). Қорытынды есеп - 96:63.
Қазақстан құрамасы екі жеңіс, бір жеңіліспен «D» тобында көш бастап тұр.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.