Қазақстан командасы ақтық сында Аустралияға 21:9 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.
Құрлық кубогының қола жүлдесін Жапония құрамасы иеленген. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы жапондардан басым түскен болатын.
Өкінішке қарай, ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңілді. Олар жарыс қожайыны саналатын Қытай командасына 11:14 есебімен жол берді.