Конференция барысында ЕҚЫҰ-ға 56 қатысушы-мемлекеттер өкілдері, соның қатарында осы бағыттағы есірткіге қарсы құрылымдар жетекшілері мен беделді халықаралық сарапшылар тараптардың есірткіге қарсы күрестің тиімділігін арттыру мен тәжірибе алмасуды нығайту мәселелерін талқыламақ.
Конференциядағы қазақстандық делегацияның жұмысына ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов басқарады. Іс-шараға сонымен қатар АҚШ, Ауғанстан мен Колумбияның есірткіге қарсы ведомстволарының жетекшілері де қатыспақ.