Қазақстанның басым аумағы анциклонның ықпалында болады - синоптиктер

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде,  деп хабарланды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы және Ақмола облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Қостанай, таңертең және түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында тұман болады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының жекелеген жерлерін тұман басады.

Алдағы 3 күнде ауа райының жылынуы мен болуы мүмкін жауын-шашынның салдарынан Алматы облысының таулы аймақтарындағы өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады, кей өзендерде тасқынның болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейінің ауытқуы байқалады. Жайық және Петропавл қаласынан төмен Есіл өзендерінде су тасу мүмкін.