Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, кей жерлерінде жел қуаты секундына 17-22 метрден 25-28 метрге дейін жететіндігі болжануда. Павлодар, сонымен қатар түнде Қарағанды облысында да боран соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 метрге, ал Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 28 метрге жететіндігі болжанып отыр.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түссе, Қызылорда облысында көктайғақ болмақ.
Сондай-ақ метеорологтар таяудағы үш тәулікте еліміздің су нысандарының басым бөлігінде мұз қату үрдісі күшейе түсетіндігін, ал жекелеген өзендерде, оның ішінде Сырдария мен Ертісте су деңгейінің көтерілу мүмкіндігін хабарлайды.