деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында жел қуаты секундына 15-20 метрге жетіп, шаң борауы, ал Оңтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяу үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.