деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Павлодар облыстарында, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алматы облысында құмды дауыл болып, Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман басып, 0-3 градусқа дейін күн суытады.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында 3-5 қыркүйек аралығында кей жерлерде жел соғады деп күтілуде. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан, 3 қыркүйекте күндіз 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде ауа температурасы 5-11, жекелеген жерлерде 2 градус жылылыққа, күндіз 12-18 градусқа жылылыққа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
3-5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел соғып, бүгін жаңбыр жауады. 17-22 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде ауа температурасы 2-8, күндіз 12-17 градусты көрсетеді.
Павлодар облысында 4-5 қыркүйекте бірқатар жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен, бүгін 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-10, жекелеген жерлерде 2 градусты көрсетіп, күндіз 12-17 градус жылылыққа дейін төмендейді. Қостанай облысында 3-5 қыркүйекте кей жерлерде жауын-шашын жауады деп күтілуде. Кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік бағыттан жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 9-14 градус жылылыққа дейін төмендейді.