Қазақстанның басым аумағында аяздар сақталады - 27 қаңтардағы ауа райы болжамы

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағында аяздар сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның  көптеген аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, республиканың солтүстігіне суық антициклонның ықпалы жалғасады.

Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтілуде.  

Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының кей аймақтарында, сондай-ақ тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяздар сақталады.