Республиканың тек батысында ғана сенбі жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында түнде кейбір аумақтарды тұман басып, күндіз желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында - кейбір жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай болады деп күтілуде.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерінде су көлемінің ауытқулары байқалады. Жайық өзенінде су дейңгейінің байыппен көтерілуі жалғасады.