Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында нөсерлі жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алматы облысында құмды дауыл болады.
Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі байқалады.