Республиканың оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында антициклонның ықпалына байланысты күн ысиды деп күтілуде.
Атап айтқанда, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Қостанай облыстарында жекелеген жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.
Маңғыстау облысының кей аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең жағалауда тұман болады.
Ақмола, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, кей жерлерде Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында күннің қатты ысуы сақталады, Қарағанды облысында күн қатты ысиды, кей жерлерде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы сақталады.