Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Қызылорда,күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге, ал Қызылорда облысында шаң борайды деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының батысында, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіпі сақталады.
Таяу тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.