Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 29 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуы

сақталады.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді деп күтілуде. Сондай-ақ екпінді жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақмола облысының  жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жыдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал,  түнде және таңертең тұман болады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Атырау облысында күндіз құмды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде және күндіз кей жерлерде тұман болады.

Павлодар облысында - кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, кей жерлерде Алматы, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, кей жерлерде Алматы облыстарында күн қатты ысиды.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.