Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде желдің екіні 25 м/с-ті құрайды, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Атырау облысының жекелеген жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау облысында түнде жағалауда тұман болады деп күтілуде.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ жауады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде құмды дауыл көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнап, кей жерлерде тұман болуы ықтимал.
Қарағанды облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-ті құрайды, жекелеген аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Павлодар облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 17-22 м/с жел соғып, найзағай ойнайды деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 15-22 жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25м/с-ке дейін жетеді, найзағай ойнайды, Алматы облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде өрт қаупі күтілуде.
Алдағы тәуліктерде Алматы және Жамбыл облыстарының жекелеген таулы өзендерінде ықтимал жауын-шашынның салдарынан тасқын болуы мүмкін. Батыс Алтайдың басым өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің ауытқуы байқалады.