Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болып, үсік жүреді
12:50, 10 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 11-13 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жаздағыдай жылы болса, республиканың қалған аумақтарына күз келді.
11-13 қыркүйекте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, соңы қарға ұласуы ықтимал, сондай-ақ 1-3°С суық болады.
Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°С төмен болуы ықтимал, тек батыс пен оңтүстікте климаттық нормадан жоғары болады.