Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұманды болады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жекелеген аумақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде бұрқасындатып, секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының кей аумақтарында тұман, күндіз 15-20 м/с екпіндегі жел күтілуде.
Ал Астанада бүгін, күн бұлтты, ара-тұра қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауаys4 температурасы күндіз -5-7, түнде -10-12 градусты құрайды.
07:30, 02 Желтоқсан 2011
Қазақстанның басым аумағындағы тұрақсыз күн райы жұма күні де сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, фронталдық бөліктердің ығысуына байланысты жұма, 2 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағындағы тұрақсыз ауа райы сақталады.