Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, тек республиканың оңтүстік бөлігіне ғана ауа ағындары әсер етеді. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Ал Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында түнде тұман түсетіндігі болжануда.

Қазақстанның оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәулікте Қазақстанның тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Сондай-ақ республиканың солтүстік бөлігіндегі су қоймаларының басым бөлігінде су температурасы төмендеуі мүмкін.