«Демалыс күндері Қазақстан аумағы жылы болады деп болжануда. Батыс, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлерінде болатын жауын-шашынға қарамастан, көпжылдық температуралық нормадан 3-8º жоғары болады, солтүстік аумақтан басқасында. Бұл жерлерде жексенбі күні оңтүстік-шығыс ауа ағысы, солтүстік-батыс ағысқа алмасады. Оның әсерінен Еуропалық Ресей өңірінен ауа массалары келеді. Сондықтан дүйсенбі күні ол жерлерде жаңбырдың аяғы қарға ұласуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.