Қазақстанның басым бөлігі суық атмосфералық ағымның әсерінде болады - Қазгидромет

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына суық атмосфералық ағым әсер ететін болады, бұл туралы «Қазгидромет» орталығының қыркүйектің 9-ына жасаған болжамында айтылып отыр.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, түнде Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облысында жылдамдығы 15-22 метр/секундқа жететін қатты жел тұрады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады, желдің күші 17-22 метр/секундты шамалайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде дауыл болады, желдің екпіні күндіз 17-22 метр/секундқа, түнде 26 метр/секундқа дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей аудандарында дауыл болады, 17-22 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, түнде топырақта 4 градусқа дейін қатқақ болады.

Ал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында - кей жерлерде 17-22 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, күн 0-2 градусқа дейін күн суытады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, орталығы мен шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Алдағы тәуліктерде сондай-ақ, оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы тау өзендерінде судың деңгейі өзгереді деп күтілуде.