Қазақстанның басым бөлігінде 22 мамырда қолайсыз ауа райы сақталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды ауа ағынының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ, тұман, ұйытқып жел соғады.

Тек республиканың батысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейіп, жылдамдығы 15-22 м/с.-қа жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерге тұман түседі, бұршақ, желдің күші 15-20 м/с.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында кей жерлерге тұман түседі.

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстрында кей жерлерде жет күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді.