Қазақстанның басым бөлігінде 22 сәуірде жауын-шашынды болып, жел күшейеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болып, кей жерлерде күшті жел тұрады, еліміздің батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз ұйтқуы 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің 17-22 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысында түнде және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.