«Республика аумағында жауынның жаууына әсерін тигізген циклон Шығыс Сібірге көшті. Алайда оның әсері сақталды. Сондықтан демалыс күндері көптеген облыстарда кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 18-25 м/с дейін күшеюі ықтимал», - делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, таулы аудандарда толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көпжылдық орташа температурадан 2-5 градусқа төмен болады деп шамалануда. Тек батыс облыстарда ғана күн ашық, ыстық болады.