Палодар облысында, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысында 15-22 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі.
Жамбыл облысында, күндіз Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде тұман түседі. Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн тұманды болады.
Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы көптеген өзендерде су бетінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін.