Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында тұманды, кей жерлерде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ болуы күтілуде.