Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады - 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, қар жауып, қарлы бұрқасын болып, жел күшейеді деп күтілуде.

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі антициклонның ықпалында қалады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды күн райы болады деп күтілуде.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері қарлы бұрқасын аралас 25 м/с жылдамдықпен екпінді жел соғады деп күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерде қарлы бұрқасын аралас 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында Алакөл маңында жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында жекелеген жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды, қарлы бұрқасын аралас 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында кей кездері желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болып, боран аралас 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерелерде тұман түседі, көктайғақ орнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде аяз күшейеді деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты аяз болады деп күтілуде.