Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады; бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін  күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін  күшейеді. 

Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын  күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін  күшейеді. 

Қызылорда  облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының   кей жерлерінде  бұрқасын,  көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысында бұрқасын соғады, кей жерлерінде қатты болады, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.