«Ресейдің Еуропа бөлігінен бірінің артынан бірі жөңкілген атмосфералық ағын Қазақстандағы ауа райының құбылмалы болуына алып келеді. Сондықтан республика облыстарының басым бөлігінде жер-жерлерде найзағай ойнап, жауын, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-25 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей өңірлерде орташа көпжылдық деңгейден жоғары болады», - делінген хабарламада.
Астанада 27 маусымда көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығысқа ауыса отырып, солтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде температура 14 16°С, күндіз 24 26°С. 28 маусымда - ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан - 9-14 м/с. Түнде температура 13 15°С, күндіз 28 30°С. 29 маусымда елордада: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік батыстан - 9-14 м/с. Түнде температура 16 18°С, күндіз 30 32°С.
Алматыда 27 маусымда ауыспалы бұлт шығады, күннің екінші жартысында өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Түнде температура 18 20°С, күндіз 30 32°С. 28 маусым: ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 2-7, 10 м/с. Түнде температура 16 18°С, күндіз 27 29°С. 29 маусымда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 2-7, 10 м/с. Түнде температура 15 17°С, күндіз 27 29°С.