Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғып, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Түнде  Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын және желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. 

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында  жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарының кей  жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Атырау облысында жел 18 м/с күшейеді.