Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Ақмола облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, тұман түседі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су бетінің құбылуы байқалады, Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріледі.
Бүгін Алматы облысының кейбір тау өзендерінде нөсер жаңбырдың әсерінен тасқын жүріп, беткейлік су ағыны болуы ықтимал.