Қазақстанның басым бөлігінде күн суық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға жеткен антициклон алдағы үш тәулік - 17-19 қаңтарда өз ықпалын сақтайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз қоңыр салқын ауа райы қалыптасады деп күтілуде. Ауа температурасы нормаға жуық деп болжанып отыр, жерлерде нормадан 1-2º төмен болуы мүмкін.

Атмосфералық ағымдардың жақындауына байланысты елдің батысы мен оңтүстігінің кей аудандарында қар жауып, тұман түседі, оңтүстікте көктайғақ болады.