Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады
12:00, 19 Қыркүйек 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылы ауа райын сағынғандар үшін жақсы жаңалық. Қазақстанның басым бөлігінде күн шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Түннің кезінде күн салқын болғанымен, күндізгі уақытта термометр бағаны Қазақстанның барлық аумағында дерлік 23-30 градус жылы болады. Тек батыс және оңтүстік-шығыс аудандарда ауа райы құбылмалы, күн күркіреп, жаңбыр жауып өтуі мүмкін», - делінген синоптиктердің хабарламасында.