Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұманды болады.
Жамбыл, күндіз Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ күтілуде.
Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей өңірлерінде жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, секундына 15-20 метр күшпен жел соғады. Атырау облысының кей жерлеріне тұман түседі, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Ал Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 жылдамдықпен жел соғады. Ауаның температурасы күндіз -9-11, түнде -17-19 градусты құрайды.