Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-қа, ұйытқуы - 30 м/с-қа жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа, кей жерлерде ұйтқуы 23-25 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болып, бұрқасын көтеріледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с. Павлодар облысында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп бұрқасындатады.