Бұл туралы Казгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшеюі күтілуде.
Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді, шаң көтеріліп, кей жерлерде дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, 15-20 м/с жел күшейеді.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын күндерде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының көптеген таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздануы байқалады; ШҚО-дағы Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде су шығынының ұлғаюы күтілуде. Қазақстанның жазықты аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.