Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау облысында, кей жерлерде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағын төмендейді.